"Кез келген қарсыласпен шығуға дайынмын". Батыр Жүкембаев пуэрториколық нокаутшымен алдағы айқасы жайлы

Сурет: instagram.com/batyr_jukembaev

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев  (18-0, 14 КО) Sputnik Қазақстан басылымына берген сұхбатында пуэрториколық нокаутшы Сабриэль Матиаспен (16-1, 16 КО) алдағы айқастан не күтетінін айтты. 

- Келесі қарсылас Пуэрто-Рико боксшысы Сабриэль Матиас болады деген ақпарат бар. Тіпті айқас күні де айтылды - 29 мамыр. 

- IBF желісі бойынша бірінші екі позиция қазір бос. Мен рейтингте сегізіншімін. Біздің дивизионда титул үшін айқасатын топ-15 тізімдегі боксшылар іріктеліп жатыр. Мен үлкен жекпе-жектерге шығу үшін командам үлкен жұмыс жасап жатыр. Айта кетейін, кез келген қарсыласқа қарсы шығуға дайынмын. АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегіме қарқынды дайындалып жатырмын. 

Айта кетейік, Showtime ұйымдастыратын Жүкембаев - Матиас кездесуі 29  мамыр Лос-Анджелесте өтеді. Бұл жекпе-жек IBF ұйымдастырып жатқан бағдарламаға кіреді. Ол бойынша чемпионға міндетті қарсылас анықталады.