"Кез келген қарсыласпен жұдырықтасамын". Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегі жайында

18 қыркүйек 2020 11:28
Сурет: : Esther Lin/Showtime
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бахтияр Эюбов (14-2-1, 12 КО) қатарынан екі жеңілістен кейін қарашада рингке қайта оралуы мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында 34 жастағы спортшы алдағы жоспарлары туралы айтып берді. 

2020 жылы қаңтарда Эюбов америкалық Джарон Энниске (25-0, 23 КО) есе жібергеннен кейін салмақ категориясын ауыстыратын болып шешті. 

"Екінші апта жаттығып жатырмыз. Дайындалатын зал таптық. Жекпе-жектер де ұсына бастады. Бірақ бір қиындық бар - жеті ай рингке шықпағаннан кейін салмақ жасау керек. Семіріп кеттім дей алмаймын, дегенмен, ауырлай түскенмін. 

Бұлшық ет қосылды. Салмақ түзелген соң жекпе-жекке келісім аламыз. Жеңіл, не ауыр екеніне қарамаймыз. Айырмасы не? Айқасу керек, сол үшін жаттығып жүрмін ғой. Қазақстандықтарды қуантқым келеді. Промоутерге кез келген қарсыласпен жұдырықтасамын дедім. 

Сосын өз салмағымда жұдырықтасқым келеді, өйткені олар тым үлкен. Мен тіпті өз салмағымда бойым кішірек саналамын, ал басқа дивизионда мүлде. Мен феникс құсындай қайта жаңғырамын. Бастан өткеннің бәріне көніп, ақырындап жаттыға бастадық", - дейді боксшы.