"Кез келген қарсыласқа дайын". Сарапшы Головкиннен кейінгі ең мықты қазақстандық боксшыны атады

Данияр Елеусінов. Сурет: Matchroom Boxing©

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта салмақта кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WorldBoxingNews редакторы Фил Джей осындай пікір білдірді. Ол Олимпиада чемпионын Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) ізін қуған ең мықты боксшының бірі,- деп атады. 

"Дәл қазір Елеусінов өз дивизионында кез келген боксшымен жекпе-жекке дайын. Топ-10 тізімдегі элиталы боксшылар ғана басқа әңгіме. Қалғандарын қазақстандық жеңе алады. Индонгоны жеңіп, ол карьерасындағы жаңа кезеңге өтті. Ол икемді, әрі жан-жақты болып келеді. Данияр ақылмен жұдырықтасатын, енді соққысына күш қосылды. Қазақстандық көп дүние үйренді. Меніңше, ол Головкин ізінен ергендер арасында болашағы өте зор боксшы. Оның үстіне Эдди Хирн ең мықтыларды ғана таңдайды. Ең мықты промоутер және тамаша командамен жетістіктер көп күттірмейді", - дейді Джей. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы былтыр қарашада намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental титулын жеңіп алған.