"Керемет демес едім". Промоутер Геннадий Головкинмен қалай жұмыс істеп жүргенін айтты

Головкин және Эдди Хирн (оң жақта бірінші). Сурет: talkSPORT

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн DAZN платформасына берген сұхбатында орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) қарымқа-қатынасы туралы айтып берді.

Боксшы мен промоутер 2019 жылдың тамызынан бері істесіп келеді. Тараптар GGG-дің бокс кештерін біріге өткізу туралы келісімге келген. Содан бері Головкин екі жекпе-жек өткізді.

"Головкинмен қарым-қатынасымыз жақсы. Сондай бір керемет демес едім, бірақ, біз оған бокс кештерін ұйымдастырып, жарнамалауға көмектесеміз. Шеремета мен Деревянченкоға қарсы айқастарында солай болды. Дегенмен, Головкин - өз өзіне басшы. Мен оның карьерасын жоспарлауға араласа алмаймын - мен жеке шоуларды ұйымдастыруға ғана қатысамын. Әрине, кейде боксшының карьерасына көбірек әсер еткім келеді... Алайда біз онымен онсыз да жақсы жұмыс істеп келеміз, DAZN-мен бірге оған жарайтын мүмкіндіктерді қарастырып жүрміз", -дейді Хирн.