Келісімге келді. "Канело" мен Головкин жекпе-жекке шығады

Сурет: vRINGe.com

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жекке келісті. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады. 


Мәлімет бойынша, боксшылардың командасы бірнеше ай бұрын келісімге келген екен. Ал жекпе-жектің өзі 2021 жылға белгіленіп отыр. 

Мұның алдында трилогия үшін "Канело" 45 миллион доллар, ал Головкин 30 миллион алатыны белгілі болды.

Оған дейін боксшылар бір-бір жекпе-жектен өткізеді. Осылайша, Головкин қазан не қарашада польшалық Камил Шереметамен  ал "Канело" 12 қыркүйекте екінші орта дивизионның WBA "суперчемпионы"  британиялық Каллум Смитпен жұдырықтасады.