"Келесі кім?". Әлімханұлы бәскелестерін айқасқа ашық шақырды

©twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақтағы қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) титулды жекпе-жектегі нокаутпен жеңістен кейін бәсекелестерін жұдырықтасуға шақырды, деп хабарлайды, Vesti.kz.

Бірінші раундта есеңгіретті. Әлімханұлы британиялықты нокаутқа түсірді

"Әлден жаттығуға қайта кіріскім келіп отыр", - деп жазыпты Жәнібек, жаңа қарсылас қажет екенін меңзеп. 

Одан кейін нокауттарының видеосын жариялап, бәсекелестеріне үндеу жасады. Ендігі қарсылас орта дивизионда WBO чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) болуы мүмкін. 

"Келесі кім?", - деп жазды Әлімханұлы ықтимал қарсыластарына қарата.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport