Келесі жекпе-жекке дайындық. "Канело" қалай жаттығып жатқанын көрсетті

Сурет: Fightnews.info
Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) рингке оралуға дайындала бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы жаттығып жатқанын видеоға түсіріп, Instagram желісінде жариялаған. "Істеген ісіңнен ләзәт ал", - деп жазыпты Альварес.

Еске салайық, "Канело" рингке қыркүйекте оралады деп күтілуде. Ал ықтимал қарсылас ретінде екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерстің (29-0, 14 КО) есімі аталуда.