Қазақстанға жетті. Елеусіновтің қарсыласы мәлімдеме жасады

14 желтоқсан 2021 09:58
©instagram.com/juanlealok

Жартылай орта салмақтағы аргентиналық боксшы Хуан Эрнан Леао (15-1, 4 КО) Қазақстан астанасына келді. 18 желтоқсанда өтетін бокс кешінде ол IBO белбеуі үшін Данияр Елеусіновпен (10-0, 6 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Уақыт келді!!! Келесі сенбі, 18 желтоқсан, мен Астанада IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасамын. Мен бұл тамаша мүмкіндікке қуаныштымын, өйткені бұл мақсатқа жету үшін мен көп жыл жұмсадым! Өз елімді танытып, оны биіктен көрсету үшін барымды саламын!", - деп жазыпты Леао Instagram желісінде. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport