Қазақстандық нокаутшының басты әрі титулды жекпе-жегіне қарсыласы шықпайтын болды

Сурет: Eye Of The Tiger Managment
Аргентиналық Максимилиано Рикардо Верон (12-3-1, 4 КО) бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаевқа (17-0, 13 КО) қарсы жекпе-жекке шыға алмайды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады.

Жүкембаевтың қарсыласы Канадаға виза ала алмаған. Жаңа қарсыластың есімі алдағы уақытта белгілі болады. 

Жүкембаевтың жекпе-жегі 25 қаңтар Монреальдағы Montreal Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы. Қазақ боксшы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғайды. 

"Жалтақтап отырғандарын білемін". Қазақстандық нокаутшы әлем чемпиондарымен жұдырықтаспақ

Ал Верона үшін бұл Аргентинадан тыс алғашқы жекпе-жегі болу керек еді. Дегенмен Жүкембаевтың карьерасында қарсыластың ауысып кетуі бірінші рет емес: 2019 жылы мамырда мексикалық Карлос Хименес (14-9-1, 8 КО) те Канадаға кіре алмады, оның орнына Хильберто Меса (10-5-1, 6 КО) шыққан болатын.