Қазақстандық нокаутшы 44 секундтағы жеңістен кейін әлемдік рейтингте шарықтады

Али Ахмедов. Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) нокаутпен жеңістен кейін әлемдік рейтингте 11 саты жоғарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

24 жастағы Ахмедов 12 раундқа есептелген жекпе-жектің 44 секундында америкалық Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсірді. Осылайша, қазақстандық боксшы WBC International Silver белбеуін қорғап қалды.

Бұл жетістік арқасында Ахмедов екінші орта салмақтағы BoxRec рейтингінде 60-шы орынға көтерілді. 

Олардың жекпе-жегі Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің андеркартасындағы бесінші кездесу болды. Шоудың басты оқиғасында қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко IBF және IBO белбеулер үшін жұдырықтасты.