Қазақстандық нокаутердің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Иван Дычко. Сурет: The Heavyweight Factory©

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) келесі кездесуін сәуірдің ортасында АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

BoxRec сайтының мәлімдемесі бойынша Дычко рингке 16 сәуірде Мерфрисборо (АҚШ, Теннесси штаты) қаласында өтетін бокс кешінде оралады. Бұған дейін ол Ньюарк (Нью-Джерси штаты) қаласында 30 сәуірде он раундтық кездесу өткізеді деген ақпарат тараған болатын. 31 жастағы қазақстандықтың қарсыласы әзірге белгісіз. 

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тағы жекпе-жектерінің алдында Дычко бұрын орта салмақтағы абсолют чемпион Сауль "Канело" Альвараспен жұмыс істеген промоутермен келісімшартқа отырған еді. 

Қоса кетейік, соңғы кездесуін Нұр-Сұлтан қаласында ресейлік Александр Устиновқа қарсы өткізген Дычко, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске жеткен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport