Қазақстандық бұрымды титулды айқастағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

©instagram.com/lady_sparta/

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (6-3-1, 2 КО) америкалық Челси Стивенсоннан (6-0, 2 KO) жеңілген жекпе-жегіне байланысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Ақталмаймын. Бүгін мен жеңілдім. Біздің кездесу ең жарқын жекпе-жек болды дейді. Мен әлі дайындалу керекпін. Қанша сүрінгеніммен, еңсемді тіктеп, ары қарай жүре берем. Кім не десе де, осылай болу керек еді", - деп жазды боксшы әлеуметтік желісінде. 

Айта кетейік, бұл жекпе-жек кешін қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) бірге жұмыс істейтін промоутер Том Леффлер ұйымдастырған болатын.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport