Қазақстандық боксшылардың Олимпиадаға іріктеу турниріндегі финалдық жекпе-жектеріне тікелей трансляция

© olympic.kz
Бүгін, 11 наурызда Амманда (Иордания) 2020 Олимпиадаға жолдама ойнатылатын турнирдің Қазақстан құрамасының қатысуымен финалдық жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасынан шешуші кезеңге дейін төрт боксшы жетті - Закир Сафиуллин, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдәулетов пен Василий Левит. 

Қазақстан астанасының уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Токиоға қосымша жолдамалар ойнатылады. Бұл лизензияның бірі үшін қазақстандық Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін) пен Карло Паалам (Филиппин) сарапқа салады.

21:00-де басталатын кешкі сессияда рингке Сафиуллин, Аманқұл, Нұрдәулетов пен Левит шығады.

Бұл жекпе-жектерді QazSport арнасынан тікелей тамашалауға болады.