Қазақстандық боксшылар WBC рейтингінің ең мықты бестігіне кірді

©instagram.com/meiirim.nursultanov

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингі шықты. Жаңа рейтингте екі бірдей қазақстандық боксшы үздік бестікке қосылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Али Ахмедов оныншы сатыдан, бесінші сатыға көтерілді. Ал орта салмақтағы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орыннан бесінші орынға жайғасты. 

Айта кетейік, 27 жастағы Ахмедов соңғы кездесуін америкалық Габриэль Росадоға қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл кездесуде Ахмедов IBF North America және WBC Silver белбеулерін иеленді. 

Ал 29 жастағы Нұрсұлтанов болса қазан айында ақырғы айқасын өткізіп, ұпай бойынша аргентиналық Марсело Эстебан Косерестен айласын асырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport