Қазақстандық боксшылар Германиядағы турнирге қатысуда

©kazsports.kz

Бұл күндері Германияның Кёльн қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлем Кубогі деген атау алып, биыл 4-мәрте ұйымдастырылған бәсекеге Қазақстан, Аустрия, Аустралия, Бельгия, Германия, Куба, Моңғолия, Франция, Украина, Дания мен Микронезия былғары қолғап шеберлері жиналды (90 еркек, 37 әйел).

Әр құрама бірнеше тәжірибелі боксшымен қатар жастарға да мүмкіндік беруді жөн көріпті. Қазақстан құрамасының тізімі:

Ерлер – Оразбек Асылқұлов (57 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Армат Арманұлы (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі), Сабырғал Аманат (+92 келі);

Әйелдер – Анель Сақыш (54 келі), Балауса Мұздиман (54 келі), Сания Сұлтанқызы (57 келі), Айдана Забынбекова (60 келі), Наталья Богданова (66 келі), Надежда Рябец (66 келі);

Айта кетейік, турнир чемпиондары мен жүлдегерлері 5 қарашада анықталады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport