Қазақстандық боксшы мексикалық "Тайсонды" жеңді

Eye of the Tiger Management ©

Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабиров рингтегі кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бұл жолы Канаданың Римуски қаласында ол 30 жастағы мексикалық "Тайсон" лақап аты бар Рикардо Адриан Луна Флоресті жеңді. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек жоспарланған сегіз раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сабировқа берді.


26 жастағы қазақстандық үшін бұл 11 жекпе-жектегі 11-ші жеңісі (оның тоғызын мерзімінен бұрын аяқтаған). Ал Флорес сегізінші жеңіліске ұшырады, оның қоржынында 22 жеңіс (14 нокаутпен) және бір тең нәтиже бар. 


Айта кетейік, Нұрзат Сабиров BoxRec беделді сайтының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның үздік боксшыларының ондығына кірді.