Қазақстандық боксшы Мәскеуде нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Константин Брусенский кәсіпқойдағы екінші жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді.

Мәскеуде өткен "Дерись и побеждай! Event 44" бокс кешінде отандасымыз тәжікстандық Иброгим Холмуродовпен жұдырықтасты.

Екі боксшы да жекпе-жекті сенімді бастады, алайда, Брусенскийдің соққысы дәлірек болды. Екінші раундта қазақстандықтың бірнеше соққысынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл қазақстандық боксшының нокаутпен жеңген қатарынан екінші кездесуі. 
Метки: