Қазақстандық боксшы "Канелоның" андеркардында өнер көрсетуі мүмкін

©DAZN

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) қатысуымен өтетін бокс кешінің андеркардында өнер көрсетуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Инсайдердің ақпараты бойынша, Ербосынұлының андеркардта өнер көрсету мәселесі алдағы бірнеше күнде белгілі болады. Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы Сан-Диего қаласында "Канелоға" 7 мамыр күні Лас-Вегаста ресейлік Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы кездесуге дайындалуға көмектесуде. 

Айта кетейік, алдағы айқаста "Канело" жеңіске жететін болса, онда қыркүйек айында Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО кездесуі ықтимал. 

Ал Ербосынұлы болса бүгінде WBA белбеуінің иегері кубалық Давид Моррелге (6-0, 5 КО) қарсы кездесуге дайындалуда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport