Қазақстандық боксшы әлем чемпионын жеңіп халықаралық турнир алтынын алды

Сурет: ҚБФ

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов 2021 жылғы "Санкт-Петербург Губернаторының кубогы" халықаралық турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

69 келі салмақтағы финалдық кездесуде Асланбек ресейлік Андрей Замковойдан төрешілер шешімімен басым түсті. 

Ал тағы бір қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан 52 келідегі шешуші айқаста өзбекстандық боксшыға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.