Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева әлем чемпионатында алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

©Видеодан алынған кадр

Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Аида Әбікеева жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

1/16 финалда 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Алжир елінің өкілі Имане Хелифпен кездесті. Әбікеева төрешілердің шешімі бойынша жеңілді. Осылайша, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бірінші боксшысы жарыс жолын аяқтады. 

Еске салайық, осыған дейін әлем чемпионатының екінші кезеңіне Алуа Балқыбеков (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) шыққан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport