Қазақстандық Азия және әлем чемпионы шенді қызметке тағайындалды

2014 жылы карьерасын аяқтаған Мерей Ақшалов Ақмола облысындағы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ҚБФ баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Мерей Бейжіңде өткен Олимпиадаға қатысып, "Астана Арландарымен" Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсеткен. 2013 жылы тамызда Азия чемпионы, ал қазан айында әлем чемпионы атанды. Алматыда өткен турнир финалында ол кубалық Ясниер Толедоны жеңген еді. 

Ақшалов бокстан карьерасы өрлеп келе жатқанда денсаулығына байланысты кетті (көру нашарлығы).