Қазақстандық Азия чемпионы WBC титулын қорғау алдында салмақ өлшеуден өтті

Фото: instagram.com/kulakhmet_tursynbay/

2019 жылғы Азия чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері, бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет 3 сәуір күні Дубайда (БАӘ) шаршы алаңға қайта оралады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін бокс кешінде ол венесуэлалық Хебер Рондонға (20-0, 13 KO) қарсы шығады. Осы жекпе-жекте қазақстандықтың кәсіби рингтегі екінші кездесуінде жеңіп алған WBC International бәске тігіледі.  

Кеш алдында боксшылар міндетті салмақ өлшеуден өтті. Құлахмет 69.8 келі болса, Рондонның салмағы - 69.7 келіні көрсетті. 

Бокс кешінде жеңіліс көрмеген бірінші орта салмақта өнер көрсететін тағы бір қазақстандық спортшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) та шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы британдық Тайрон Маккенна (21-2-1, 6 КО) болмақ. Бұл жекпе-жекте қазақстандықтың WBO Inter-Continental титулы сарапқа салынатын болады.  

Кештің негізгі кездесу америкалық Джеймел Херринг (22-2, 10 KO) пен британдық Карл Фрэмтон (28-2, 16 KO) арасында өтеді. АҚШ спортшысыWBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы титулын қорғайтын болады.  

Метки: