Қазақстандық Азия чемпионы бокстан әлем біріншілігінің жартылай финалына шықты

18 қыркүйек 2019 17:28
© olympic.kz
Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Екатеринбургте өтіп жатқан 2019 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақтағы 1/4-й финалда Құлахмет төрешілер шешімімен армениялық Арман Дарчиняннан басым болды. 1/2 финалға шығу арқылы әлем чемпионатына қатысушы келесі жекпе-жекте жеңілгенімен қола жүлде иеленеді, жеңген жағдайда алтынға таласады.

Айта кетейік, Құлахмет биыл Азия чемпионы атанды. Бұл турнирге және әлем чемпионатына да ол Әбілхан Аманқұлдың жарақатына байланысты қатысты.