Қазақстандық ӘЧ жүлдегерінің қарсыласы анықталатын Екатеринбургтегі әлем біріншілігіне тікелей трансляция

13 қыркүйек 2019 13:59
Абылайхан Жүсіпов. © ҚБФ
Бүгін, 13 қыркүйек Екатеринбургте бокстан әлем чемпионатының бесінші күн жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін рингке 69 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар шығады. Бұл салмақта Қазақстан атынан 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы Вуттичай Масук (Таиланд) пен Евгений Долголевец (Беларусь) арасындағы жекпе-жек қорытындысы бойынша анықталады. Кездесу А рингінде өтеді, тоғызыншы жұп. 

Тікелей трансляцияны Матч! Боец арансынан тамашалауға болады, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 16:00.

Еске салайық, Жүсіповтің өзі рингке 16-шы қыркүйекте шығады.