"Қазақстанды дүр сілкіндірем". Аргентиналық боксшы Алматыда өтетін титулды жекпе-жек жайында

12 желтоқсан 2019 09:56
Сурет боксшының әлеуметтік желісіснен
Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Виктор Коточиговтың (10-0, 4 КО) қарсыласы аргентиналық Хавьер Хосе Клавьеро (27-5, 5 КО) алдағы жекпе-жекте өзін басым деп ойламайды. Алайда Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол тек жеңіс үшін келе жатқанын мәлімдеді. 

Коточигова - Клавьеро жекпе-жегі 16 желтоқсан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Бұл кездесуде қазақстандық WBC International белбеуін қорғайды.

"Қазақстанда алғаш жұдырықтасамын. Бұл елде мықты боксшылар көп екенін білемін. Ең ұлылардың бірі - Геннадий Головкин. Қарсыласым тамаша көрінеді. Мүлде жеңілмеген және титулы бар. Елдеріңізде ұлттық мереке тойланатынын естідім. Бұл қарсыласыма қосымша ынта береді. Бірақ мен тек жеңіс үшін барамын. Қиын болады, алайда, мен боксымды көрсетіп, Қазақстанды дүр сілкіндіруге дайынмын", - дейді Клавьеро.
Жаңалықтар