Қазақстан құрамасының капитаны келесі айқасында "Машинамен" жұдырықтасады

©Sports.uz

Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы келесі айқасында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/8 финалға жолдама үшін 67 келіде Абылайхан "Машина" лақап атты венесуэлалық Кристиан Паласиомен айқасады. Бұл жекпе-жек 28 қазанда өтеді.

Еске салайық, биылғы әлем біріншілігінің бірінші кездесуінде Абылайхан Жүсіпов тайбэйлік Лин Ю атты боксшыны таза жеңді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport