Қазақстан құрамасы капитаны кәсіпқойдағы екінші жекпе-жегінде украиналық боксшымен жұдырықтасады

3 желтоқсан 2020 13:38
Сурет: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (1-0, 1 КО) 18 желтоқсан кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

MTK Kazakhstan компаниясы ұйымдастыратын бокс кеші Алматыда өтеді. BoxRec.com мәліметінше, Қамшыбектің бұл жолғы қарсыласы украиналық Сергей Радченко (7-6, 2 КО). Бірінші ауыр салмақ лимитіндегі жекпе-жек он раундқа есептелген.

Еске салайық, Қоңқабаев кәсіпқойдағы алғашқы кездесуін 23 тамыз Алматыда өткізіп, екінші раундта Иса Ақбербаевты (20-2, 15 КО) нокаутпен жеңген.

Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатында Қамшыбек 91 келі салмақта алтын жеңіп алды.