Қазақстан әуесқой боксы әлемдегі ең мықтының бірі екені айтылды

Сурет: ҚБФ
FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит қазақстандық бокс мектебін әлемдегі ең мықтылар қатарына қосты. Vesti.kz конференциясына берген сұхбатында ол азиялық чемпионат таланттарға толы екенін атап өтті. 

"Қазақстан, Украина, Ресей, Өзбекстан, Куба қазіргі таңда көшбасшы деп ойлаймын", - дейді ол. 

Сонымен қоса, ол еуропалықтан гөрі азиялық чемпионаттарда таланттар көбірек екенін айтады.

"Қазақстан мен Өзбекстан Азияда өнер көрсетеді, Қытайда біраз ілгерледі, Моңғолияда мықты боксшылар барын екенін есепке алсақ, онда Азия чемпионаты таланттар жағынан Еуропа чемпионатынан артық деп айтуға болады", - дейді Стангрит.