Қазақстан астанасында Головкин бейнеленген граффити пайда болды

Сурет: boxingjunkie.com
Нұр-Сұлтанда орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) бейнеленген граффити пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сурет Сарайшық көшесіндегі "Арқар" көпірінің астында орналасқан жаңа арт-кеңістікте. Аумақ жалпы және спорт секциясына бөлінген екен. 

Онда Головкинмен бірге аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант бейнеленген граффити да бар. Америкалық спортшы биыл 26 қаңтарда қайғылы жағдайда қаза болған еді.