"Қазақ стилі Мексика стиліне қарсы". Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

25 желтоқсан 2020 11:16
Сурет: Ring Magazine

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті батыл мәлімдеме жасады. Бұл жолы ол екінші орта дивизионда WBA (Super) және WBC чемпионы Сауль "Канело" Альваресті (54-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шақырды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшы твиттер желісінде мексикалық жұлдызды оңай жеңетінін жазыпты. 

"Егер "Канелоны" ешкім жеңе алмайды деп ойлсаңыздар, онда қатты қателесесіңдер, онда бәрің ұйқыдасыңдар. Өтінемін, ояныңдар. Мен оны оңай сабаймын. 2021, QAZAQ STYLE vs MEXICAN STYLE жасайық", - деп жазыпты Жәнібек.