"Қазақ сарбазы" жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

1 желтоқсан 2022 09:52
©instagram.com/sadriddin_____soq/

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) осы айда рингке оралады. Боксшы қайталанбас шоу көрсетуге уәде берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"24 желтоқсан / Алматы / “SADU Arena”. Осы күні кештің басты айқасының бірінде рингке қайта ораламын.
Менің жекпе-жектерімді әркез сағынатын Қазақ еліне рақмет! Sadriddin “S.O.Q” Ahmedov сіздерге шоу сыйлауға сақадай сай! Бокс кешінде жүздескенше!" - деп жазыпты ол Instagram желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport