Қазақ нокаутшы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

©Eye Of The Tiger Managеment

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық проспект Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) жыл соңына дейін тағы бір айқас өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ассалаумағалейкум баршаңызға желтоқсан айында елімнің абройын қорғауға қайта оралатын боламын",- деп жазыпты Ахмедов Instagram желісінде.

Садриддин кейінгі жекпе-жегін желтоқсанда Мексика жерінде өткізіп, нидерландтық Стивен Даньоны (18-4-3, 7 КО) жеңді де, NABF, WBC Francophone және WBA Continental титулдарын иеленген болатын.

Осыдан кейін ол рингке шілдеде оралу керек еді, алайда, арқасын жарақаттап алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport