Қазақ боксшы карьерасында алғаш рет жеңілді

22 қыркүйек 2022 08:14
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Әбілхайыр Шегалиев Мәскеуде өткен International Boxing Series турнирінің басты айқасында ресейлік Андрей Сироткинге есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек толық өтіп, ресейлік боксшы төрешілер шешімімен басым түсті. 

Осылайша, 37 жастағы Сироткин карьерасында 21-рет жеңіске жетіп отыр, оның тағы екі жеңілісі бар. Ал 28 жастағы Шегалиев кареьарсында алғаш рет жеңілді. Әбілхайыр бұған дейін сегіз рет жеңіске жетіп, бір қарсыласымен тең түскен. 

Бұл қазақ боксшының биылдыққа екінші айқасы екенін айта кетейік. Ақпанда ол 27 жастағы тегі армян Ресей атынан жұдырықтасатын Манук Диланянмен тең тарқасқан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport