"Қазақ бауырлар". Жәнібек Әлімханұлы Америкадағы жанкүйерлермен кездесті

Сурет: Top Rank

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегі алдында Америкадағы қазақтармен кездесіп, қолдаулары үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сан-Францисконың сен тұр мен атайын дейтін, сайдың тасындай серке қазақтарымен жексенбілік басқосу. Біздің команданың досы, жанкүйері, қазақ бауырларымыз! Көңілдерің мен ниеттеріңе рақмет бауырлар!", - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде. 

Еске салайық, 28 жастағы Жәнібек келесі айқасын 30 жастағы америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) өткізеді. Он раундқа есептелген кездесу 26 маусым Лас-Вегаста өтеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) жұдырықтасады.