"Қайта ораларына сенемін". Кличко супер ауыр салмақтағы ең мықты боксшыны атады

6 желтоқсан 2019 12:53
© XSPORT.ua
Ең ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Владимир Кличко осы дивизиондағы WBA, WBO, IBF және IBO чемпионы Энди Руис және Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

Ол жеңілгеніне қарамастан британиялықты супер ауыр салмақтағы ең мықты боксшы деп есептейді.

"Көптің арасынан сүйікті спортымдағы шын мықтыны таңдасам, ол мығым денелі, тұлғалы келген расында мықты боксшы болу керек. Мен үшін ауыр салмақта ең мықтының бірі - Энтони Джошуа.

Энди Руис… бұл жігіт күтпегенді жасағанын ұмытпау керек. Бүкіл карьерасындағы жарқ еткен сәті. Ол аутсайдер есептелгенімен, Джошуаны жеңді.

Бұл өте қызықты. Бізде бір-бірімен жұдырықтасатын Джошуа мен Руис бар. Көпшілік арасынан таңдайтын болсам, ол - Энтони Джошуа. Қайтып ораларына сенемін", - деп келтіреді Кличконың сөзін sport24.ru.