"Қателігін түсінді". Экс чемпион "Канелоның" келесі айқасында не болатынын айтты

©Sportsmanor

Екі салмақта чемпион болған, қазірде ESPN арнасында комментатор Тимоти Брэдли мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) өз деңгейіне қайта келу үшін не істеу керегін айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.

"Канело" Головкинмен жұдырықтасу керек. Міне оған қарсылас. Осы жолы Альварес жақсырақ айқасқанын күтемін. Ол өз қателіктерін түсінгеніне сенімдімін. Оның әдетте қолданатын екі стратегиясы Биволға қарсы іске аспай қалды. Тақалып келіп, қолдарын биік ұстау, қарсыласты ашып, шоулдер-ролл соққылар - мұның бәрі өтпей қалды. Ауыр соққы жасау үшін бұрышқа арқа сүйеп тұрып, қарсыластың жақындауын күту - ол да іске аспады. "Канело" аяқпен қозғалуға қайта көшу керек. Ары-бері қимылдауын. Өз ісіңе қайта келген жөн. Ол алдындағы жігіттерді нокаутқа түсіріп жүріп, жеңілге жаман үйреніп алды", - дейді Брэдли. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport