Кәсіпқойда он жыл бойы жеңілмеген қазақ боксшы келесі жекпе-жегін белгіледі

Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
Бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуіне ие қазақ боксшы Жаңқош Тұраровтың (24-0, 17 КО) келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec порталының ақпараты бойынша, қазақстандық боксшы рингке 22 қараша Лондондағы York Hall аренасында өтетін бокс кешінде шығады. Қарсылас әзірге белгісіз.

Еске салайық, Тұраров екі жылдық үзілістен кейін ринге биыл оралды. Маусымда қазақ боксшы ганалық Ричмонд Джанбергті (29-4-1, 23 КО) нокаутқа түсірді, ал 6 шілдеде Қазақстан астанасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде аргентиналық Максимилиано Годойды (31-5-1, 16 КО) да нокаутпен жеңіп, WBO Inter-Continental белбеуін иеленген. Сонымен қатар, Жаңқош Golden Contract ("Алтын келісімшарт") турнирінің қатысушысы атанды, оның жеңімпазы гонорары қомақты бес жекпе-жекке келісімшарт иеленеді (100 мың доллардан басталады). 

Кәсіпқой карьерасын Тұраров 2009 жылы ақпанада бастаған. Содан бері 28 жастағы қазақстандық елімізден бөлек, Ұлыбритания, АҚШ, Доминикан Республикасы мен Колумбияда жұдырықтасты. Сәуірде Тұраров MTK Global-мен келісімшартқа отырды, бұл промоутерлік компаниясы оны чемпиондық жекпе-жекке дейін жеткізбек.