Карина Ибрагимова әлем чемпионатының жартылай финалында

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Ыстамбұлда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Әлем біріншілігінің ширек финалында 57 келіге дейін салмақта сынға түскен отандасымыз Ирландия елінің боксшысы Микаэла Уолшке қарсы жұдырықтасты. Бұл жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан біздің боксшыға берді. 

Енді Ибрагимова Тайпей елінің өкілі Линь Ю Еннмен кездеседі. 

Айта кетейіік, Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері 18 мамырға  жоспарланған. Ал финалдық жекпе-жектер 19-20 мамырда болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport