"Карьерасында мұндай болған емес". АҚШ журналисті Жүкембаевтың бұрынғы әлем чемпионымен жекпе-жегі турасында

© facebook.com/eottmboxing/
Амеркиалық Delcotimes.com порталының журналисті Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) пен әлемнің бұрынғы чемпионы Мигель Васкестің (41-8, 15 КО) жекпе-жегіне қатысты ойын айтты.

Боксшылар 26 қыркүйек Монреальда қолғап түйістіреді.

"Бұл күші мығым қарсылас. Қазақстандықтың карьерасында мұндай болған емес. Васкес жоғары деңгейдегі үлкен жекпе-жектерде жұдырықтасқан, тәжірибесі мол. Ол ең мықты боксшылармен қолғап түсйістіріп, әлем чемпионы атанған. Ал оның жеңілген жекпе-жектері әділсіз шешіммен аяқталғанын айтылып жүр. Ол тамаша техника мен өзгеше ойлауымен ерекшеленеді. 

Бір ғана кемшілік оның жасында. Жылдам категорияға жасы келмейді. Қазақстандық жекпе-жекті толықтай шапшаң әрі шаршамай өте алады. Ал бұл бәрін шеуші мүмкін", - дейді МакКаферри.

Айта кетейік, бұл бокс кешінде қазақстандық Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) та рингке шығады, қарсыласы 28 жастағы "Акула" лақап атты мексикалық Бруно Сандовал (20-3-1, 16 КО)..Сондай-ақ қазақстандық тағы бір боксшы Аман Қазанғапов (0-0-1) осы шоуда жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

Жеңілмеген қазақ нокаутшы "Акула" лақап атты тәжірибелі боксшымен жұдырықтасады