"Карьерасын аяқтаймын". Альварес үшінші жекпе-жекте Головкинді жайратып салуға уәде берді

© HBO Boxing
Орта салмақта WBA (Super) және WBC (Franchise) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) IBF пен IBO белбеулеріне ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек туралы ойын айтты.

"Головкиннің Деревянченкомен жекпе-жегін көріп, трилогияға деген қызығушылығым одан сайын жоғала түсті. Онымен 24 раунд өткізіп, жеңгенмін. Өзімді одан мықты екеніме сенемін. Головкин енді маған сынақ емес.

Егер оның командасы қомақты қаржы ұсынса, үшінші рет жұдырықтасумыз мүмкін. Ал рингке шыға салысымен оны жайратып, карьерасын аяқтаймын", - дейді Альварес The Athletic порталына берген сұхбатында.