"Қанға шомылды...". Шетелдік БАҚ Головкиннің ең жарқын жекпе-жегін еске алды

27 қыркүйек 2021 14:25
©RingSide

Бокс туралы The Squared Circle твиттер-аккаунты қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) америкалық Габриэль Росадоға (26-13-1, 15 KO) қарсы жекпе-жегін еске салды, деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл айқас 2013 жылы Нью-Йоркте өтіп, жетінші раундта Головкин нокаутпен жеңген болатын.

"Бұл қанға шомылу болды. Орта салмақта IBF чемпионы Геннадий Головкин 2013 жылы Мэдисон-сквер-гарденде сол жақ жойқын соққысын жасағанда қансырап, таяқ жеген Габриэль Росадоның түрі бұзылып кетті", - делінген жазбада.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport