"Канелоның" келесі кездесуі қайда өтетіні белгілі болды

Сурет: instagram.com/canelo

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) өзінің Instagram парақшасында келесі кездесуі қайда өтетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі, 

"Ресми, менің келесі кездесуін 19-желтоқсан күні Каллум Смитке (27-0, 19 КО) қарсы Сан-Антонио (Техас штаты, АҚШ) қаласындағы Alamodome  спорт кешенінде өтеді. Шаршы алаңға қайта оралып, бұл хабарды сіздермен бөліскеніме қуаныштымын. Билеттердің сатылымы 25-і күні басталады", - деп жазды боксшы. 

Бұл бокс кешін промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) ұйымтастырып отыр. Жекпе-жектерді DAZN платформасы көрсетеді. Айқаста WBA Super және The Ring белбеулері сарапқа салынады. 

Айта кетейік, мексикалық боксшы соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың қараша айында шығып, ресейлік Сергей Ковалевті жеңді. Сондай-ақ бұл кездесуде "Канело" жартылай ауыр салмақтағы WBO белбеуін де иемденді. 

Ал Смит болса соңғы рет 2019 жылдың күзінде шаршы алаңға шығып, отандасы Джон Райдерді төрешілердің шешімі бойынша жеңді. 
 

Метки: