"Канелоның" келесі айқасы қашан екені айтылды

©instagram.com/canelo

Танымал промоутер Эдди Хирн ұлыбританиялық Джон Райдер отандасы Зак Паркерді жеңгеннен кейін супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің міндетті қарсыласы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Енді Хирннің айтуынша, Райдер мен "Канело" келесі жылы мамырда Ұлыбритания жерінде кездесуі мүмкін. 

"Мен Джон Райдер үшін қуаныштымын. Ол Дэниель Джейкобсты жеңгеннен кейін, Паркермен өтетін кездесуді асыға күттік. Бұл айқас көңілден шықты. Райдар мен Паркер кездесуі аяқталғаннан кейін мен бірден Эдди Рейносоға (Альварестің бапкері - ред) хабарластым. Мен бапкерге "Канело" мен Райдер арасындағы кездесудің келесі жылдың мамырында "Эмирейтс" стадионында ұйымдастыруды айттым. 

Альварестің Ұлыбртанияға келгенін көптеген жанкүйер асыға күтіп жүр. Енді не боларын көрейік. Әліптің артын бағайық", - деді Хирн Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының YouTube арнасына берген сұқбатында. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport