"Канелоның" жеке бапкері қазақстандық нокаутшыны әлем чемпионы етпек

9 қыркүйек 2021 11:24
©ToFight

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (56-1-2, 38 КО) жеке бапкері Энди Рйносомен жаттыға бастауы мүмкін. Мән-жайды Vesti.kz тілшісіне олимпиада жүлдегерінің менеджері Зия Алиев айтып берді.

31 жастағы Иван Сан-Диегодағы Рейносоның залында жаттығады. Енді бапкер бірге жұмыс істеп көруді ұсыныпты.

"Бұған дейін де, 2019 жылы жаттықтырғысы келетінін айтқан. Осы туралы қоңырау шалған еді. Ал енді спаррингтердің екінші күні-ақ ол ауыр салмақта чемпион болатынын байқап, өзі жаттықтырғысы ынталы екенін мәлімдеді. Иванның жанына барып: "Мен сені әлем чемпионы етемін, бірге жаттығайық" дегені бар.

Қазір осыны талқылап жатырмыз. Лагерді көшіру керек дегендей, іске асыру жолдарын қарастырып жатырмыз. Рейносо сияқты маман Дычкоға пайдалы дүниелер үйрете алады деген ойдамын", - дейді Алиев.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport