"Канелоның" экс промоутері Головкин - Мунгия жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Boxing Scene

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"GGG командасымен бокстағы ең үздік жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізіп жатырмын. 2021 жылы Головкин - Мунгия. Екі боксшының да қызығушылығы бар және осыны қалайды", - деп жазды Оскар Де Ла Хойя  Twitter-парақшасында. 

Головкиннің 2021 жылғы бірінші айқасында қарсылас болуы ықтимал Мунгияның бокстағы шаруаларын Де Ла Хойя жүргізеді. Жекпе-жек мамырда өтуі керек.

Мунгия кейінгі рет багамалық бокс ардагері Туреано Джонсонды (21-3-1, 15 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Ал Головкин желтоқсанда Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңіп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғаған еді.

Айта кетейік, Хайме бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған.