"Канелоның" бұрынғы промоутері екінші жекпе-жекте Головкинге әділсіз шешім шыққанын мойындады

Сурет: HBO Boxing
Golden Boy промоутерлік компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Ричард Шефер қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы жекпе-жекте ешкім басым болмағанын мойындады, - деп хабарлайды Boxingnews.24.com.

"Бұл жігіттер 24 раунд өткізді. Өте ауыр және теңдей болды. Қалай қарағаныңызға байланысты кез келген шешім шығаруға болатын еді. Бұл олардың текетіресінен білгеніміз. Бізге мәлім болған тағы бір жайт "Канело" Головкинді есеңгірете алмайтыны, ал GGG Альваресті. Былай айтқанда Головкин де, "Канело" да жеңіске жеткен жоқ. Мен төрешілердің бірі және рингсайдта отырғандармен келісемін - екінші жекпе-жек тең аяқталған. 

Олар мұны қайта ұйымдастырмақшы. Екі айқас та тамаша өтті, екеуі де мықты боксшы. Екеуі де pound-for-pound тізімінің бестігіне кіреді, оларды сыйлаймын. Бірақ, шынын айтса, үшінші жекпе-жекте қайтадан сол оқиғаны көресіздер. Қайтадан алдыңғыларына ұқсас 12 раунд. Рахмет, керегі жоқ, көрмей-ақ қояйын", - дейді Шеффер.