"Канелоның" бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасатын қазақ нокаутшы одан ауыр шықты

26 қыркүйек 2019 10:34
© Eye Of The Tiger Managment
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) келесіжекпе-жегі алдында салмақ өлшеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы қазақ боксшы 32 жастағы Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жұдырықтасады, мексикалық 2010 мен 2014 жылдар аралығы жеңіл салмақта IBF чемпионы болған. Жекпе-жек он раундқа есептелген.

BoxRec мәліметінше, боксшылардың бұл кездесуі бокс кешінің басты оқиғасы болады, ал жеңімпаз орта салмақта WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулерін иеленеді.

Кеше өткен салмақ өлшеуде екі боксшы да 140 фунт лимитінен асқан жоқ. Осылайша, Жүкембаев таразыда 139,2 фунт көрсетсе, Васкес аздап жеңілдеу тартты-  138,4 фунт.