"Канелоны" жеңген Бивол Головкинге алғыс айтты

@bivol_d

WBA тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңген соң Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) алғыс айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Ең алдымен Геннадий Головкинге алғыс айтамын. Ол маған боксшы ретінде және адам ретінде ұнайды. Ол өте қарапайым спортшы. Ол маған және барша шығыс еуропалық былғары қолғап шеберлеріне сенім берді. Головкинді кәсіпқой боксқа ауысқан күннен бастап қолдап келемін. Оның жекпе-жектерін көремін. Генаның бокс стилі ұнайды",  - дейді Бивол FightHype.com арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, 8 мамыр күні Дмитрий Бивол әйгілі Сауль Альваресті ұпай санымен жеңді. Соның арқасында ресейлік боксшы BoxRec порталында 17-орыннан екінші орынға дейін көтерілді. Нәтижесінде екінші тұрған Головкин үшінші орынға түсіп қалды. Ал аталмыш рейтингте "Канело" әлі де болса көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport