"Канеломен" трилогия үшін қажет". Головкиннің келесі жекпе-жегінің маңызы айтылды

© boxingscene.com
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жегі мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) трилогияға үлкен әсері бар. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық Delcotimes.com порталының журналисті Джек МакКаферри осындай пікір білдірді. 

"Канеломен" текетірес - бұл Головкин карьерасын бақылап келе жатқандар үшін жақсы. Қазір бәрі үшінші жекпе-жек уақыт еншісінде ғана екенін көрсетіп отыр. Алайда GGG-ге трилогия алдында Камил Шеремтадан белбеуін қорғап қалу керек. Польшалықтың ешқандай мүмкінідігі жоқ деген ойдамын. Бірақ Головкинге жарқын жеңіс қажет, осылай бәріне "Канеломен" жекпе-жекке дайын екендігін көрсетеді. Егер поляктан жеңілсе, онда GGG-дің ешқандай болашағы жоқ. Дегенмен қазақстандықтың басымдығы сұмдық. Осы жекпе-жекте GGG орындауындағы сұмдық нокаут көреміз деп ойлаймын", - дейді МакКаферри.