"Канеломен" жұдырықтасудан бас тартқан әлем чемпионы Головкинді басқа салмақта жекпе-жекке шақырды

Калеб Плант белбеуді жеңіп алған сәт (Хосе Ускатегиден). © AllFight.Ru.
Екінші орта салмақта IBF чемпионы америкалық Калеб Плант (20-0, 12 КО) орта дивизионда IBF, IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасқысы келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Планттың сөзінше, оның командасы екінші орта дивизионда WBA (Super) чемпионы Каллума Смитпен белбеулер біріктіретін жекпе-жек өткізу жайлы ұсыныс жасаған және GGG-мен де байланысқа шыққан екен.



Еске салайық, мұның алдында Калеб Плант мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен 2 мамырда жекпе-жек өткізуден бас тартқан болатын. Мұнысын ол мексикалықтың командасы ұсынысты "өте қолайсыз уақытта әдейі" жасайтындығымен түсіндірді. 

Әлем чемпионы "Канело" командасы жанкүйерлерді қалай алдап жүргенін ашық айтты